Ресейдегі дрон шабуылынан КТК терминалы зақымданды

25 қараша түнде дрон соққысы нәтижесінде Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіз терминалының әкімшілік ғимаратына зақым келді. Бұл туралы КТК хабарлады.

sknews.kz

Астана, NEGE. Оңтүстік Озереевкада Каспий құбыр консорциумының бас басқару орталығы орналасқан. Ол арқылы Ресей мен Қазақстандағы Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесінің жұмысы бақыланады. 

Қалалық «Беспилотты қауіп» дабылы жарияланған соң қызметкерлер дереу баспаналарға эвакуацияланды. Қашықтағы кеме айлақтарында жүк операциялары тоқтатылды, – деп хабарлады компания.

Краснодар өлкесінің губернаторы Веняамин Кондратьев түнгі азаматтық нысандарға жасалған шабуылды соңғы уақытта болған ең ұзақ және ең ауқымды шабуылдардың бірі деп атады. 

Бұған дейін, 2025 жылғы 24 қыркүйекте Новороссийскідегі КТК теңіз терминалының қалалық кеңсесі дрон шабуылына ұшыраған.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді