Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга кентінде болған жанжалдан кейін қазақстандықтардың ұсталуына байланысты Қазақстан дипломаттары тексеріс жүргізіп жатыр.

nege.kz коллажы

Астана, NEGE. Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы 26 наурызда «Велестрой» компаниясының нысанында болған жанжалға қатысты тексерісті бастады. Еске салсақ, жаппай төбелестен кейін қазақстандықтар ұсталған еді. 

Алдын ала деректер бойынша, бұл оқиғаға қатысқандарды Ресейдің құқық қорғау органдары мән-жайды анықтау үшін ұстаған. Осыған байланысты Қазақстан тарапы Ресейдің құзырлы органдарына және компания басшылығына ресми сұраулар жолдаған.

«Дипломаттар Қазақстан Республикасы азаматтарының нақты санын және құқықтық мәртебесін анықтау мақсатында Санкт-Петербург қаласы және Ленинград облысы бойынша ІІМ Бас басқармасымен байланыста. Аталған мәселе Министрліктің ерекше бақылауында»,– делінген СІМ түсініктемесінде. 

Еске салайық, бұған дейін Усть-Луга порты маңында Қазақстан азаматтарының қатысуымен жаппай жанжал болғаны туралы ақпарат тараған еді. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода бір топ адамның өзара қақтығысқа түскені көрінеді. Артынша оқиға орнына дабыл шамдары қосылған арнайы көлік жоғары жылдамдықпен келіп, жиналғандардың кейбірін күштеп көлікке отырғызып алып кеткені түсірілген.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Алматыда кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсеткендер ұсталды