Ресейде жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары ұсталды

Ресейдің Ленинград облысында, Усть-Луга порты маңында Қазақстан азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес болып, салдарынан ондаған адам ұсталды. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

nege.kz коллажы

Астана, NEGE. Желіде жарияланған бейнежазбада бір топ адамның шу шығарып, өзара жанжалдасқан сәті анық көрінеді. Артынша оқиға орнына дабыл шамдары қосылған арнайы көлік жоғары жылдамдықпен келіп, дауласып жатқан адамдарды күшпен тарата бастаған. Кейбір азаматтарды күштеп көлікке отырғызып, алып кеткені байқалады. Сондай-ақ, видеода суық қарудың дыбыстары естіледі. 

Жанжалды түсірген әйелдің айтуынша, ұсталғандардың ішінде Қазақстан азаматтары бар. Ол олардың байланысқа шыға алмай отырғанын, интернеттің жоқтығынан елшілікке хабарласа алмағанын жеткізген.

«Неге оларды ұстап жатырсыздар? Не үшін әкетіп барасыздар?», – деп айқайлайды видеоны түсірген келіншек. 

Оның сөзінше, бұл азаматтарға шұғыл көмек қажет.

NEGE редакциясы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне аталған іс бойынша сауал жолдады. Әзірге министрлік бұл жағдайға қатысты еш жерде түсініктеме бермеді.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды