Ресейде жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар 10 тәулікке қамалды

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы хабарлады.

promrazvedka.ru

Астана, NEGE. Консулдық қызметкерлерінің мәлімдеуінше, бастапқыда тәртіпсіздіктерге жүздеген адам қатысқан. Оқиғадан кейін түрлі мемлекеттердің 30-дан астам азаматы ұсталған.

«Алғашқы тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін ұсталғандардың басым бөлігі босатылды. Бірқатар адамға, оның ішінде Қазақстан азаматтарына қатысты 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы сот шешімдері қабылданды. Қазақстан Республикасының тағы үш азаматына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер немесе медициналық көмекке жүгінгендер жоқ. ҚР азаматтарының барлығына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде», – делінген ресми хабарламада.

Консулдық өкілдері қазіргі уақытта вахталық кенттегі жағдай тұрақты екенін жеткізді.

«Оқиғаға қатысқан екі тарапқа қатысты тергеу жұмыстары жалғасуда. Оның қорытындылары бойынша жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», – деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы.

Сондай-ақ вахталық кентте қазақстандық жұмысшылар мен учаске бригадирлері, Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары, жұмыс беруші компания мен күзет агенттігі өкілдерінің қатысуымен кездесу өткен.

Бұған дейін Усть-Лугадағы вахталық кентте болған жағдайға қатысты қазақстандық жұмысшылар видеоүндеу жариялап, жанжалдың тек тұрмыстық сипатта болғанын растады.

Қазір оқып жатыр

КҚК-ға шабуыл жайлы жазбаларға байланысты тергеу: іске «бопсалау» бабы қосылды

16 миллиард рубль таза кіріс. Назарбаев НЕГЕ «АТБ Банк» дивидендін алмай отыр?

AIRAN редакциясы қызметін тоқтатқанын хабарлады

Ұлытау облысында Olimpbet пен 1XBET-ке бәс тіккен 10 шенеунік қызметінен қуылды