Ресейде Roblox бұғатталуына байланысты балалар Кремльге жаппай хат жолдады

Ресейде танымал ойын платформасы Roblox-тың бұғатталуы балалар мен жасөспірімдер арасында үлкен резонанс тудырды.

roblox.com

Астана, NEGE. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Roblox ойынының бұғатталуына байланысты Кремльге балалардан көптеген өтініш түскенін растады. Бұл туралы РБК хабарлады.

Айтуынша, балалардың хаттарында елден кету туралы емес, нақты осы ойын платформасының жабылуына алаңдаушылық білдірілген.

«Иә, бұл тақырыпта балалардан шынымен де өте көп өтініш келіп түсті. Олар Roblox ойыны туралы жазып жатыр», – деді Песков.

Бұған дейін Қауіпсіз интернет лигасының басшысы Екатерина Мизулина Roblox бұғатталғаннан кейін кейбір балалардың Ресейден кеткісі келетінін жазды. Сондай-ақ, олардың ойынды қайта қолжетімді ету жөніндегі хабарламаларын жариялады.

Еске салсақ, желтоқсан айының басында Роскомнадзор балалар арасында кең танымал Roblox онлайн-платформасын бұғаттады. Ведомство мәліметінше, платформа ішінде экстремизм мен терроризмді насихаттау, зорлық-зомбылыққа шақыру, ЛГБТ-тақырыптағы контент, сондай-ақ мектептерге шабуыл мен терактілерді білдіретін ойын түрлері анықталған. Сонымен қатар балалардың жыныстық сипаттағы қысымға ұшырауы, интимдік суреттерін алдап алу және зорлық-зомбылыққа итермелеу жағдайлары тіркелгені айтылды. Ведомство мұндай деректер Ресейде де, шетелде де жүйелі түрде кездесетінін мәлімдеді.

Қазақстанда жағдай қалай?

Биыл Қазақстанда Roblox ойынына қатысты екі шағым тіркелген. Бірі Бас прокуратураға, екіншісі Ішкі істер министрлігіне жолданды. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігі Roblox платформасына талдау жүргізіп, ойында суицидті насихаттайтын элементтер болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Нәтижесінде ведомство App Store мен Google Play дүкендеріне қосымшаны алып тастау жөнінде ресми хат жолдады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?