Ресейде дрондар қазақстандық мұнай жеткізілетін базаға зақым келтірді

Ресейде дрондар Қазақстан мұнайы жеткізілетін базаға зақым келтірді. Бұл туралы Energy monitor арнасы хабарлады.

Energy monitor

Астана, NEGE. Новороссийскіде дрондар жасаған шабуыл салдарынан «Шесхарис» аудару кешеніндегі мұнай базаларының бірі зақымданды.

«Шесхарис» порт инфрақұрылымы арқылы Қазақстандық жүк жөнелтушілер жыл сайын 6 миллион тоннадан астам мұнай экспорттайды.

Ол Новороссийск портына екі бағытпен: Атырау – Самара – Новороссийск мұнай құбыры және Махачкала – Новороссийск мұнай құбыры арқылы жеткізіледі. Махачкалаға дейін мұнай танкерлермен және теміржол цистерналарымен тасымалданады.

Қазір оқып жатыр

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады