Ресейде чикунгунья вирусы екінші адамнан анықталды

Ресейде чикунгунья вирусы екінші адамнан табылды. Ол осыған дейін, яғни 29 тамызда ауруханаға түскен науқастың туысы болып шықты, деп жазды 24.kz.

© Pixabay/FotoshopTofs

Алматы, NEGE. Екеуі бұған дейін Шри-Ланкаға барып келген екен. Дегенмен Ресейде дерттің одан әрі таралу қаупі жоқ.

Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адам саулығы саласын қадағалау жөніндегі федералдық қызметі мәлімдеді. Өйткені чикунгунья адамнан адамға жұқпайды. Вирус маса арқылы тарайды. Адамның қызуы көтеріліп, буыны сырқырап, тіпті жүйке жүйесі бұзылуы мүмкін.


Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?