Ресейде болған жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысында сезілді

10 ақпанда сағат 14:24-те эпицентрі Ресей Федерациясында орналасқан жер сілкінісі тіркелді. Ол Қазақстанның шығыс аумағында да сезілді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 1023 шақырым жерде Ресей аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.3.

Магнитудасы MPV 5.7.

Тереңдігі 15 км.

Жерасты дүмпулері Риддерде 2 балдық күшпен сезілді.

«Зақымдану туралы ақпарат болған жоқ. Ғимараттардың жоғарғы қабаттарында тұратын кейбір тұрғындар жер асты дүмпулерін сезінді», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады