Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады
Қырғызстан бағытына алғашқы мұнай партиясы биыл 15 тамызда жөнелтілді.
Астана, NEGE. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания тамыз айында Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстанға 35 мың тонна мұнай тасымалдаған.
«Қырғыз Республикасы бағытындағы мұнай тасымалы "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы "Шағыр" мұнай құю пунктіне дейін іске асырылады. Аталған пунктте мұнай теміржол цистерналарына құйылады», – делінген ресми хабарламада.
Қырғызстан бағыты бойынша мұнай транзитінің іске қосылуы Қазақстан аумағы арқылы мұнай жеткізудің жаңа бағытын ашып, «ҚазТрансОйл» көрсететін тасымалдау қызметтерінің ауқымын кеңейтпек.