Ресей Қорғаныс министрлігі Тоқаевтың әкесіне қатысты құпия құжатты жариялады

Ресей Қорғаныс министрлігі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі — гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты марапат парағын құпиясыздандырып, көпшілікке жариялады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «1945 жылғы 21 қаңтарда Польшадағы Еглиевец елді мекенінің солтүстік-батысында неміс әскері түнде біздің позицияларға қарсы шабуыл жасады. Автоматшылар өз танктерін табандылықпен қорғап, кейін шабуылға шығып, немістерді шегіндірді. Жолдас Тоқаев жау шебіне бірінші болып басып кіріп, автоматымен 5 немісті атып өлтірді және бір жаралы немісті тұтқынға алды. Тұтқынды өз бөлімшесіне әкеле жатқанда, Тоқаевтың аяғына жарылғыш оқ тиіп, жараланды (бастапқы машинкамен терілген «…және аяғынан айырылды» деген сөйлем сызылып тасталған). Тоқаев жаралы немісті атып өлтіріп, жарасын таңып, өз танктеріне жетті», — делінген Афанасий Поваров қол қойған марапат парағында.

Фото: Память народа

Кемел Тоқаев 1945 жылы қаңтарда Польшада көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев пен Шодиевтің 2,2 млрд теңге тұратын Алматыдағы үйге қатысы бар ма?

ІІМ алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды