Ресей Қазақстаннан жіберілген 24 тонна сүтті кіргізбей қойды

«Россельхознадзор» Омск облысына Қазақстаннан жіберілген ірі көлемдегі сүтті кіргізбей қойды, деп хабарлады.

Омск облысының Росселбхознадхор басқармасы

Алматы, NEGE. Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 17 қыркүйекте «Исилькуль» өткізу пунктінде шамамен 24 тонна пастерленген сиыр сүті тиелген жүк көлігі тоқтатылды. Өнім Көкшетаудағы «Садовое» ЖШС-да өндіріліп, Омбы облысындағы «Сүт инвестициялық компаниясына» жеткізілуі тиіс болған.

Тексеру барысында ілеспе құжаттарда сәйкессіздік анықталды. Россельхознадзордың Омбы облысы бойынша басқармасының хабарлауынша, сүт өнімі Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринарлық сертификатымен рәсімделген, алайда құжатта қате кеткен. Нақтырақ айтқанда декларацияда көрсетілген 5 тәуліктің орнына жарамдылық мерзімі 1 тәулік болып жазылған.

Енді тауар құжаттағы қателіктер түзетілгеннен кейін ғана жіберіледі. Ал тауарды жіберген кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ

Қазақстанда жаңа цифрлық KEDEN жүйесі енгізіліп жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты