Ресей елшілігі қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Құттықтауда «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жаңа тарихи жағдайларда жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, республика бүгінгі таңда халықаралық аренада қуатты және беделді мемлекетке айналғаны» айтылған.

Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Стратегиялық серіктес, одақтас, жақын дос әрі көрші ретінде Ресей Қазақстанның әділ көпполярлы әлемдік тәртіпті қалыптастыруға, интеграциялық бірлестіктер аясында ынтымақтастық пен серіктестікті дамытуға қосқан үлесін қолдайды», - делінген құттықтауда.

Ресей елшілігі бауырлас Тәуелсіз Қазақстанға амандық тіледі.