2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Ресей азаматы Пхукет-Алматы бағытындағы ұшақтың салонында дәрет сындырды

Пхукет – Алматы бағытындағы ұшақта ер адам орнында отырып, дәрет сындырды.

poehalisnami.kz

Алматы, NEGE. Ресей азаматы бортта масаң күйде отырған.

Пхукет-Алматы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұшақ бортындағы қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушыны акт бойынша түсіріп, ұстады.

Тексеру барысында көлік полицейлері Ресей Федерациясының 42 жастағы азаматын анықтады. Ол масаң күйде болып, салондағы өз орнында кіші дәрет сындырған.

Құқық бұзушы Қазақстан Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің бірден екі бабы, яғни алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу және ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалады.