Ресей-Украина келіссөзі немен аяқталды?

Ресей мен Украина арасындағы кезекті келіссөзі онлайн форматта видеобайланыс арқылы ұйымдастырылды.

Алматы, NEGE. Украина Президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк өзінің Twitter-дегі парақшасында келіссөздің өте қиын өтіп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, екі жақ та өз ұстанымдарын айқын білдіріп жатыр. Тараптар көзқарасының қайшылығына саяси жүйедегі айырмашылық себеп деп жазған. Айта кетейік, Украина мен Ресей делегацияларының бұған дейінгі келіссөздері Беларусь шекарасында өтті. Жолға ұзақ уақыт кететіндіктен, осы жолғы шараны онлайн форматта өткізуді жөн көрген.

Михаил Подоляк, Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі:

– Біздің ұстанамымыз өзгерген жоқ. Бейбітшілікті талап етеміз, атыс-шабыстың тоқтауын, Ресей әскерінің елден кетуін талап етеміз. Сонда ғана саяси реттеу мен тату көршілік қатынастар жайында сөз қозғауға болады.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр