Ресей-моңғол шекарасында жер сілкінді

Жексенбіде сейсмологтар Ресей мен Моңғолия шекарасына жақын маңда жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Алматы, NEGE. Бұл жайында Еуропа Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімет таратты. Жер сілкінісінің магнитудасы - 5,0.

Жер дүмпуінің эпицентрі Тыва Республикасының Қызыл қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 195 шақырым қашықтықта орналасқан.

Зілзала ошағы 60 шақырым тереңдікте болған. Елдімекендердің қирауы немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды