Ресейліктердің шекарадан өтуі шектеледі

Финляндия билігі Ресей азаматтарының елге кіруін шектемек, деп хабарлайды Хабар-24.

Алматы, NEGE. Елдің Сыртқы істер министрі көрші елдің туристері үшін транзиттік мемлекет болғысы келмейтінін жеткізді. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Кремль жартылай мобилизация туралы жариялаған күні арадағы шекарадан 5 мың ресейлік өткен.

Айта кеткен жөн, таяуда Еуроодақ Ресей азаматтарына жеңілдетілген тәртіппен виза беруді тоқтатты. Енді Шенген визасын рәсімдеу 15 күннің орнына 45 күн уақытты алады. Алымдар сомасы да шамамен 2 есе өскен.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті