Ресейліктер паралимпиадаға қатысатын болды

Ресей мен Беларусьтің Украинаға қарсы соғыстағы рөлдеріне байланысты қос елдің спортшылары қысқы Паралимпиадаға бейтарап мәртебеде қатысады. Бұл туралы Халықаралық паралимпиадалық комитет (ХПК) мәлім етті, деп хабарлайды Euronews сайты.

Алматы, NEGE. «Ресейдің паралимпиадалық комитеті мен Беларусьтің ұлттық паралимпиадалық комитеті Бейжіңдегі қысқы Ойындарға бейтарап мәртебеде және келесідей шарттармен қатыстырылады: барлық спортшылар жарысқа ХПК жалауымен шығады. Олар үшін ХПК гимні қосылады. Атлеттер Паралимпиаданың медальдар есебіне енгізілмейді», – деп пресс-конференцияда ХПК басшысы Эндрю Парсонс нақтылаған.

Сондай-ақ, ХПК Ресей мен Беларусь паралимпиадалық комитеттерінің мүшеліктері туралы шешімді кезектен тыс бас ассамблеяда қабылдамақ.

Паралимпиада Бейжіңде 4 наурыз күні басталып, 10 күнге созылады. Биатлон, тау шаңғысы, арбамен керлинг, шаңғы спорты, сноуборд пен следж-хоккей бойынша 78 медаль жиынтығы бәске тігіледі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды