Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне түсті

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Томск қаласынан Мәскеуге ұшып бара жатқан кезде ұшаққа Омбыда шұғыл түрде қонуға тура келді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының баспасөз хатшысы Кира Ярмыш мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Алексей Навальный ес-түссіз жатыр, ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Біздің өтінішіміз бойынша полицияны ауруханаға алдырттық, – деп жазды Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш Twitter-де

ТАСС хабарлағандай, Навальный ауыр жағдайда жан сақтау бөлімінде жатыр. Алексей Навальный Томскіден Мәскеуге ұшып шығып, саясаткердің улануына байланысты шұғыл Омбыға қонған.

Қазір оқып жатыр

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты