Ресейлік олигархтардың 12 млрд еуро активі бұғатталды

Ресейлік олигархтар мен мекемелер Еуроодақ санкцияларының салдарынан құны 12,5 миллиард еуродан асатын қымбат яхта, тікұшақ, жылжымайтын мүлік сынды басқа да активтерінен айырылды, деп хабарлайды   dw.com.

Алматы, NEGE. «Ресейлік олигархтардың бұғатталған активтерінің көлемі осы жылғы сәуір айынан бастап 6,7 миллиард еуродан 12,5 миллиард еуроға дейін, яғни екі есеге жуық артты», – деп хабарлады Еурокомиссияның әділет жөніндегі ресми өкілі Кристиан Виганд Die Welt басылымына. Ол бұғатталған активтердің күрт өсуін соңғы апталарда, әсіресе, Германияда ресейлік олигархтарға тиесілі көптеген нысандардың анықталып, бұғатталуымен байланыстырды.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі