Ресейлік хакерге 5 млн АҚШ доллары тігілді

АҚШ Мемлекеттік департаменті

«халықаралық хакерлік топтың басшысы болуы мүмкін» деген болжаммен ресейлік хакер Максим Якубецтің басына 5 млн доллар тікті.

Алматы, NEGE. 5 желтоқсан күні АҚШ билігі «киберқылмыс жасаумен айналысты» деген айып тағып, ресейлік 7 компания мен 17 адамға санкция жариялады. Солардың қатарында Максим Якобецтің өзі де, Evil Corp деп аталатын компаниясы да бар. Салынған айып бойынша ресейліктер әлемде жүздеген мың компьютерді зиянды вирусқа шалдықтырып, компьютер иелерін 70 миллиондық шығынға ұшыратқан.

Америка билігінің пікірінше, Якубец «соңғы онжылдықтағы ең қауіпті кибершабуыл» жасағаны үшін жауапқа тартылуы тиіс. Хакерді ұстауға бөлінген сома АҚШ тарихындағы киберкеңістікте жасалған қылмыстардың жолын кесу үшін бөлінген ең жоғары «сыйақы» болып отыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты