Ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды

Кейбір ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қатысты арандатушылық әрекеттерінің жиілеп кетуі мемлекеттеріміз арасындағы одақтастық қатынастарға айтарлықтай нұқсан келтіреді. Еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Ресейдің Уақытша сенімді өкілі Александр Комаровпен кездесіп, осындай мәлімдеме жасады

, деп хабарлады 24.kz.

Нұр-Сұлтан. NEGE.  Сөйтіп, Ресей тарапының мұндай жайттарға тиісті баға беруін күтетінін және Ресейдің мемлекет қайраткерлерін мұндай мәлімдемелерге жол бермеу үшін шаралар қабылдауға шақырады. Ресейлік дипломатқа ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұстанымы көрсетілген нота табысталды. Осыған дейін Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никонов Ресейдің «Бірінші арнасына» берген сұхбатында «Қазақстан территориясы – Ресей тарапынан берілген үлкен сыйлық» деп атап өткен еді.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды