Ресейлік басшы «Қазфосфат» қызметкерлерінен кешірім сұрады (видео)

23 қараша күні сағат 11:40 шамасында аталған кәсіпорынның 200-ге жуық қызметкері химия зауыты басшыларының бірінің әрекетіне наразылық білдірген. Басшылық қызметкерлерді балағаттаған.

Алматы, NEGE. Қазіргі кезде «Қазфосфат» ЖШС цифрлық трансформация бөлімінің басшысы, Ресей азаматы әріптестерінен кешірім сұрады.

Сонымен қатар ол қызметінен босатылды.

«Осы факті бойынша 20 ерікті қызметкерден тұратын жұмыс тобы құрылды. Топ құрамына цех жетекшілері, кәсіподақ өкілдері кірді, олар өзекті мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда кәсіпорындағы жағдай тұрақты. Зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деп хабарлады