Ресейлік азамат қазақ қыздарына мобилизация жариялады

Қыздарды қарату туралы кітаптар сериясының авторы Алекс Лесли Алматыда 'Жалындаған қазақ қызын кім табады?' тақырыбында көшпелі семинар өткізбек, деп хабарлады inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Алекс Лесли деген атпен танымал ресейлік Александр Кириллов әлеуметтік желіде қазақстандық қыздарды қаратуды үйрететіні туралы хабарландыру жариялады.

"Украинада мобилизация жүріп жатқанда, біз Қазақстанға барамыз. Өте қызық болады деп ойлаймын. Сондықтан біз өзіміздің мобилизациямызды жарияладық", – дейді ол.

Оның айтуынша, ол өзінің "қазақ қыздары" тақырыбын жариялауға шешім қабылдады.

"Алматыда екі істің басын қосатын, яғни демалу мен еліктіруді көшелердегі көптеген әдемі қыздармен үйлестірудің ең жақсы нұсқасын ұсынамын! Бүкіл пикапшылар тобы Алматыға барады!", – делінген Леслидің парақшасында.