Ресейге салынған санкциялар тізімі артты

Батыс елдері Ресейге қарсы санкциялар тізімін одан әрі толықтырды.

Алматы, NEGE. Жуырда Ұлыбритания Мәскеуге енгізген шектеулердің санын екі есеге ұлғайтты. АҚШ-тың сауда министрлігі де Ресейдің қорғаныс, аэроғарыш және теңіз секторына қатысты қосымша шектеулер енгізуге ниетті екенін хабарлады. Қара тізімге технологиялық сектор да кіреді. АҚШ-тың қаржы министрі 13 тұлға мен 21 ұйымға және микроэлектрониканы өндіруші әрі экспорттаушы алып «Микрон» акционерлік қоғамға да санкция еңгізген.

Осылайша, құрама штаттардың шектеулеріне іліккен ресейлік компаниялардың саны 200-ден асып отыр. Ал Грузия президенті Саломе Зурабишвили Мәскеуге қарсы санкцияларды қолдап, АҚШ пен Батыс елдері енгізген шектеу шараларына қосылатынын хабарлады. Саясаткер Грузия Киевті қолдауға бағытталған барлық халықаралық қарарларға қатысатынын мәлімдеді. Естеріңізге салайық, бұған дейін бұл елдің премьер-министрі Украинадағы қарулы қақтығысқа байланысты Ресейге қарсы экономикалық санкциялар енгізбейтінін жарияған еді. Өйткені бұл мемлекеттің ұлттық мүддесіне қайшы келетінін айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін