Ресейге қарсы тоғызыншы санкциялар пакеті мақұлданды

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы кезекті тоғызыншы санкциялар пакетін мақұлдады, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес жаңа шектеулерге ұшқышсыз аппараттар мен оның бөлшектерінің импорты және банк саласы ілікті. Ресейдегі тау-кен өнеркәсібіне инвестиция құюға да тыйым салынды. Қара тізімде қорғаныс, Мемлекеттік дума, Қауіпсіздік кеңесінің 200-ге жуық өкілі енгізіліп, бірқатар компанияның активі бұғатталады.

Сонымен қатар, Брюссельде өткен кездесуде саясаткерлер Украинаға қосымша 18 млрд еуро көмек көрсетілетінін жария етті.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті