Ресейдің жауы қайда?

Жуырда Ресей президенті Владимир Путиннің шекара тақырыбында айтқанына қоғам белсендісі Арман Шораев пікір білдірді.

Алматы, NEGE. Шораев желідегі парақшасына бес минуттық видео жариялады. Үй жағдайында түсірілген бұл видеода Арман Шораев «Ресейдің үлкен жауы қайда» дегенге жауап іздейді. Жауды төңіректен іздемеу керегін айтып, қазақтың мақалын мысал етеді. «Үйіңді шарбақпен емес, достарыңмен қорша» деп тақырыпты әрмен қарай өрбітіп әкетеді. Қорытынды сөзін «Ресейдің жауы Кремльде» деп түйіндейді. 

Желі қолданушыларының басым бөлігі қоғам белсендісіне алғыс білдірді. Тіпті кейбірі Арман Шораевтың амандығын тілеп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды