Ресейдің Саратов әскери институтында қазақстандық курсант өз-өзіне қол жұмсады
19 ақпанда Саратовтағы Ресей Ұлттық гвардиясының Қызыл Ту атындағы әскери институтында 19 жастағы қазақстандық курсант өз-өзіне қол жұмсады.
Алматы, NEGE. Қайғылы оқиғаға дейін жас жігіттің Калашников автоматымен кезекшілікте болған.
«Кезекші бөлімшеге алдымен автоматтар мен оқ-дәрілер берілді, содан кейін олар қару-жарақ қоймасының алдында сапқа тұрады, содан кейін курсанттар автоматтар мен оқ-дәрілерді тапсыруы керек болған. Алайда курсанттардың бірі қайтып келмеген. Ол командирлердің бақыламаған сәтін пайдаланып, берілген атыс құралымен киім кептіретін бөлмеге кіріп, өзіне қол жұмсаған», - делінген хабарламада.
Марқұмның үшінші курста оқығаны белгілі болды.
Росгвардия әкімшілігінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.