Ресейдің мәдениет министрі коронавирус жұқтырды

Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимовадан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. Мәдениет министрінде коронавирус бары расталған. Қазір ауру жеңіл өтіп жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз хатшысы Анна Усачева хабарлаған. 

"Мәдениет министрі Ольга Любимова қазір қашықтан жұмыс істеп жатыр. COVID-19 тестінің нәтижесі оң болып шықты. Министр қазір үйінде, жұмысқа қатысты жиындарды видеоконференция арқылы өткізіп жатыр. Кездесулер мен онлайн форматтағы келіссөздерге қатысады. Ауру жеңіл өтіп жатыр", - дейді Усачева. 

Айта кетейік, бұған дейін Ресей премьер-министрі Михаил Мишустиннің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ол РФ президенті Владимир Путинге коронавирус жұқтырғанын, өзін-өзі оқшаулауға кеткенін хабарлаған.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда ер адам 125 млн теңге үшін әйелін суға батырып жіберген

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды

Алматыда бір аптадан бері танымал әншінің ұлы іздестіріліп жатыр