29 сентября 2022 г. 17:05
Ресейдің Қазақстанмен шекарасында мобилизация пункті ашылады
Астрахань облысы билігі Қазақстанмен шекарада уақытша ішінара мобилизация пунктін ашуға ниетті.
Алматы, NEGE. "Жақын күндері Қазақстанмен шекарада әскерге шақыру қағазын беретін уақытша ішінара мобилизация пункті ашылады", - делінген хабарламада.
Қазақстанмен шекаралас Астрахань облысында жылжымалы әскери комиссариат ашылады. Ол «Қараөзек» бақылау-өткізу бекетінің маңында орналасады.