Ресейдің Челябі облысында алапат өрттен жүздеген адам эвакуацияланды
Ресейдің Челябі облысында алапат өрт болып, жүздеген адам басқа жаққа көшуге мәжбүр болды.
Алматы, NEGE. От 14 мың гектар аумақты жалмап үлгерген. Ондаған ауыл күлге айналған. Өкінішке қарай, 1 адам көз жұмды. Өрт сөндірушілерге екпіні секундына 150 метрге жеткен күшті жел кедергі жасаған. Елдің Төтенше жағдай министрлігі мұны «отты дауыл» деп атады.