Ресейдің Брянск облысындағы мұнай базасында өрт шықты

Ресейдің Брянск облысының Фокинск ауданындағы мұнай базасының аумағында өрт шықты. Апаттың неден болғаны анықталып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. "25.04.2022 сағат 02: 00-де Брянск облысы бойынша Ресей ТЖМ бас басқармасының жедел кезекшісіне өрт туралы хабарлама келіп түсті: Брянск қаласы, Фокинск ауданы, Московский даңғылы. Апат болған жерге өрт-құтқару жасақтары жіберілді. Мамандар қызыл жалынның мұнай базасы аумағын шарпығанын анықтады", – деп жазылған ресми мәлімдемеде. Апаттың неден болғаны анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін