Ресейдің Белгород облысында оқ-дәрі қоймасы өртенді
Мәскеудің Белгород облысында оқ-дәрі қоймасы өртенді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Алматы, NEGE. «Шамамен 03:35-те мен жарылыс сияқты қатты дыбыстан ояндым. Осы хабарламаны жазып жатқанымда тағы үш жарылыс болды», – деп жазды облыс губернаторы Вячеслав Гладков Telegram арнасында. Кейінірек Гладков нақтылағандай, алдын ала мәлімет бойынша, Белгород облысындағы Старая Нелидовка ауылының маңында оқ-дәрі қоймасы өртке оранған. «Мен Головинский ауылдық елді мекенінің басшысы Денис Золотухинмен жаңа ғана хабарластым. Алдын ала мәлімет бойынша, Старая Нелидовка ауылының маңында оқ-дәрі қоймасы өртеніп жатыр», – деп жазды Гладков.
Облыс губернаторының айтуынша, бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, тұрғын үйлер мен үйлердің қирауы тіркелмеген. Осыған дейін Ресейдің Брянск қаласында мұнай базасы өртенгенін жазғанбыз. Сол күні Ресейдің Тверь облысындағы ҒЗИ-дан да өрт шығып, 17 адам қаза тапқаны жазылды.