16 октября 2022 г. 13:00
Ресейдің Белгород қаласының маңындағы полигонда 11 адам оққа ұшты
Ресейдің Белгород қаласының маңындағы полигонда белгісіз екі адам 11 адамды атып, тағы 15-ін жаралады. Ресейдің Қорғаныс министрлігі бұл жайтты террорлық әрекет деп атады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Алматы, NEGE. Оқиға 15 қазанда Украинадағы арнайы операцияға өз еркімен қатысуға ниет білдірген жандармен оқу жаттығу кезінде орын алған. Ресейдің Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, кенет белгісіз адамдар оқ атып, бөлімшенің жеке құрамына оқ жаудырған. Салдарынан 11 адам қаза тауып, түрлі дене жарақатын алған. Сондай-ақ тағы 15 адам медициналық мекемеге жеткізілген. Басылым шабуыл жасағандар сол жерде өлтірілгенін, ал олардың ТМД елдерінің бірінің азаматтары екенін атап өтті.