Ресейді шарлап жүрген турист үсіп қалды

Ресейді велосипедпен шарлап жүрген испан спортшысы Хуан Менендес Гранадос жедел Якутияның ауруханасына жеткізілген - ол үсіп қалған. Мұндай ақпарат Республиканың денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланды.

Черский ауылынан Якутияға жетпек болған турист Нижнеколым ұлысындағы Колым ауылының емханасына барып, медициналық көмекке жүгінген. Испан жігітіне алғашқы көмек көрсетілген, содан кейін оны аудандық орталық аурухананың хирургия бөліміне жеткізген. Онда оған әрі қарай көмек көрсету шаралары жасалған. 

Қазіргі уақытта Гранадос ауруханада ем алып жатыр. Оның жағдайы айтарлықтай жақсарған. 

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр