Ресейдегі мобилизация: Әскери шақыртумен борышын өтегендер зейнеткерлікке ерте шығады

РФ Премьер-Министрінің орынбасары Татьяна Голикова әскери шақыртумен соғысқа жұмылдырылған ресейліктердің еңбек шарттарына қатысты мәлімдеме жасады.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, жұмысшылар әскери қызметкер мәртебесін алып, оларға келісімшартпен барлық кепілдік беріледі. Әскери қызмет мерзімі зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтіліне қосылады.

— Сақтандыру зейнетақысы бойынша мерзімінен бұрын тағайындалатын жұмыстардың тізімдеріне түзетулер әзірленуде, - деп түсіндірді Татьяна Голикова.

Сондай-ақ, РФ үкіметі төрағасының орынбасарының айтуынша, үкімет депутаттармен бірлесіп, арнайы операцияға қатысушылардың еңбек құқықтары қорғалатын заңнамаға түзетулер әзірледі.

— Түзетулер мобилизация бойынша арнайы операцияға қатысушылардың отбасы мүшелеріне арнайы еңбек кепілдіктерін белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл жердегі әңгіме 14 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына қатысты айтылған. Егер баланың ата-анасының бірі әскери шақыртумен соғысқа аттанса, екіншісін қосымша жұмысқа, іссапарға тартуға тыйым салынады, - деді Голикова. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті