Ресейде жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарының мерзімі шегерілді

Ресей коронавирусқа байланысты жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарының мерзімін шегере тұрмақ, деп хабарлайды «Хабар 24». Білім сынақтарының шарттары да өзгеретін болды.

Алматы, NEGE. Қазір бұл елде 300 мыңдай шетелдік студент білім алады. Арасында қазақстандықтар да бар. Қауіпті індетке байланысты шекара жабылғанда, көбісі оқуын жалғастыру үшін сонда қалған еді. Қазір олардың жағдайы қалай және қабылдау емтихандарының мерзімі қашанға дейін шегерілмек? Кейінгі бір ай ішінде студенттік жатақханалардағы қатаң шараларға байланысты біраз дау туындаған еді. Студенттерге дүкен мен дәріханаға баруға, тамаққа тапсырыс беруге және ас дайындауға тыйым салынды. Бұған шыдамағандар көшуге мәжбүр болды. Ресейлік студенттер үйіне қайтты. Ал шетелдіктердің шекара жабық болған соң, осында тұра беруден басқа амалы қалмады.

Мамыр айының ортасында оқу орындарының көбісі шектеулерін жеңілдеткенімен, студенттер бұрынғысынша оқшауланған және қашықтан оқып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді