Ресейде жаппай екпе салынбақ

Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салу қараша-желтоқсан аралығында жүргізіледі

. Бұл туралы дүйсенбі күні Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Иркутск қаласына сапары барысында мәлімдеген.

Алматы, NEGE. Агенттіктің хабарлауынша, вакцинаны алғашқылардың бірі болып қыркүйек айында тәуекел тобындағылар, яғни дәрігерлер мен мұғалімдер алады. «Тәуекел тобындағы азаматтарға вакцинялар қажетті көлемде қыркүйек айынан жеткізіле бастайды. Ал жаппай вакцинациялау қараша-желтоқсан аралығына жоспарланып отыр»,-деді министр. Оның сөзінше, препаратты тіркеуден кейінгі зерттеу жұмыстары осы аптада басталады. «Бұл бізге вакцинаны жан-жақты зерттеуге берілген мүмкіндік. Біз вакцинаның тиімді екенін көріп отырмыз. Соған қарамастан біз оны терең әрі жан-жақты зерттегіміз келеді. Өйткені бізге түсетін науқастардың әрқайсынының денсаулық жағдайы бір-бірінен бөлек, әрқайсынының ерекшелігі әртүрлі», - деп түсіндірді ол.

Қазір оқып жатыр

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді