Ресейде «Цой» фильміне қатысты дау туындады

Фильмнің премьерасы осы күзге жоспарланған.

Алматы, NEGE. Бірақ әйгілі әнші Виктор Цойдың ұлы мен әкесі бұл фильмнің прокатқа шығуына жол бермеуді сұрап, Владимир Путинге дейін барып отыр.

Басында «47» деген атаумен түсіріліп жатқан фильмнің атауын режиссер енді «Цой» деп өзгертіп жітерген екен.

Фильмде Цой жол апатынан қайтыс болғаннан кейін оның денесін әйелі мен марқұмның соңғы махаббаты болған тағы бір әйел автобусқа салып, алып кетеді.

Цойдың туыстары фильмнің сценарийін тым тұрпайы санап, режиссер «біздің зияткерлік құқықтарымызды бұзып отыр» деп шағымдануда.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты