Ресейде тікұшақ құлап, бір адам көз жұмды

Ресейде «Робинсон» тікұшағы құлап, бір адам көз жұмып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Алматы, NEGE. РесейдіңСолтүстік-Батыс көлік прокуратурасы келтірген алдын ала мәліметтер бойынша, 17 мамырда «Робинсон-44» тікұшағы Мәскеу уақытымен 15:15-те Васьково әуежайынан ұшып шыққан. Тікұшақ әуежайда жанармай құйған. Ал 15:42-де әуе кемесі Архангельск облысы Мудьюг аралының солтүстік бөлігіне қонған. 21:25-те Мудьюг аралының жағалауынан 1,5 км қашықтықта тікұшақтың құлағаны туралы хабарлама келді. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, екеуі жарақат алды, біреуі хабар-ошарсыз кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта ұшқыш және үш аңшы болған. Оқиға фактісі бойынша Ресей Федерациясы ҚК 263-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалды. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті