Ресейде тәулік ішінде 10 581 адам COVID-19 жұқтырған

Ресейдің 82 аймағында тәулік ішінде COVID-19 жұқтырған 10 581 адам тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. РФ коронавирус инфекциясының таралуымен күрес жөніндегі жедел штабының хабарына қарағанда, жұқтырғандардың көбі Мәскеуде тіркелген - 5795 адам. Подмосковьеде 803 адам, Санкт-Петербургте 317 адам және Мурманск облысында 280 адам жұқтырған. Коронавирус жұқтырған 5 352 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалмаған. 76 науқас қайтыс болды.

Бұған дейін 10 633 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Сонымен, қазір Ресейде COVID-19 вирусын 145 286 адам жұқтырған. 18 095 адам айықты, 1356 адам қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?