Ресейде рекорд тіркелді

Ресейдің 85 аймағында кейінгі тәулікте 19 851 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Алматы, NEGE. Вирус жұқтырғандардың өсімі екінші күн қатарынан төмендеді. Бұл туралы Ресей Федерациясында вирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі шұғыл штабтағылар мәлімдеді. 

Анықталған науқастардың 24,9 пайызында аурудың белгілері болмаған. 

Сондай-ақ коронавирус жұқтырған 18 616 адамның жазылғаны белгілі болды. 432 науқас көз жұмды – бұл Ресейде коронавирус эпидемиясы басталғаннан бері рекорд көрсеткіш.

Ауру жұқтырғандардың көбі Мәскеуде (4777 адам) тіркелді, одан кейін Санкт-Петербургте (1571 адам), Мәскеу түбінде (701), Нижегородск(414) және Архангельск (338) облыстарында анықталды.

Қазір оқып жатыр

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?