Ресейде Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

«Вагнер» жасағының негізін қалаушы Евгений Пригожин мен оның қол астындағыларына қарсы қылмыстық іс жабылды, деп хабарлады ФСБ.

Алматы, NEGE. Тергеу барысында бүлікшілердің тікелей қылмыс жасауға бағытталған әрекеттерін тоқтатқаны анықталды.

Сонымен қатар, ФСБ «тергеу үшін маңызды басқа да мән-жайларды» назарға алды.

«27 маусымда тергеу органы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарды», - делінген хабарламада. 

"Вагнер" ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс 23 маусым күні кешке РФ Қылмыстық кодексінің 279-бабы (бүлік) бойынша қозғалды. Ол жерде 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті