7 декабря 2023 г. 15:58

Ресейде президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

Фото:

Украинадағы ұзаққа созылған соғыс пен Ресейге қарсы санкциялар аясында Федерация кеңесі Ресей Федерациясы президентінің сайлауын 2024 жылдың 17 наурызына белгіледі, деп жазды ZTB.kz телеграм-арнасы.

Алматы, NEGE. Сайлауды осы күні өткізуге 162 сенатор дауыс беріп, шешім бірауыздан қабылданған.

Айта кетейік, Ресейдің қазіргі көшбасшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің 2024 жылы жаңа мерзімге сайлауға қатысу ниетін әзірге жарияламағанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, үш жыл бұрын РФ Конституциясына түзетулер енгізілген болатын, оған сәйкес бір адам екі мерзімнен артық мемлекет басшысы қызметін атқара алмайды. Сонымен қатар, түзетулер қазіргі президент үшін мерзімнің күшін жойды.

Владимир Путин үшін бұл төртінші мерзім.

Тегтер: