Ресейде коронавирусқа шалдыққан науқастардың тәуліктік рекорды орнады

Бір күннің ішінде 34 мың 303 адам вирус жұқтырған.

Алматы, NEGE. Бұл өткен аймен салыстырғанда 70 процентке көп көрсеткіш. Тағы ковидке шалдыққан 999 науқастың өлімі тіркелді. Жалпы пандемия басталғалы елде 223 мыңнан астам адам осы кеселден көз жұмған. Ресми дерек бойынша Ресей – өлім жітім көрсеткіші бойынша әлемде бесінші орында тұрған ел. Вирус Мәскеу, Санкт-Петербург пен Мәскеу облысында ушығып тұр. Жергілікті билік аймақта карантиндік шараларды күшейте бастады. Тұрғындарға қоғамдық іс-шаралар, театр, мейрамхана мен адам көп шоғырланатын өзге жерлерге баруға тыйым салынды.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды