Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны артты

Ресейде өткен тәулікте тағы 5 504 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. Дереккөз мәліметінше, 1240 науқаста коронавирустың белгілері байқалмайды.

Осылайша, Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 1 051 874-ке жетті. Пандемия басталғалы 18 365 науқас қайтыс болып, 868 107 адам айығып шыққан.

ДДҰ соңғы мәліметінше, бүкіл әлемде коронавирус жұқтырған 27,7 миллион адам тіркелді, олардың 900 мыңы қайтыс болған.