Ресейде көпбалалы отбасыларға шағын ферма сыйға беріледі
Ресейл
ік «Лайықты азамат» қайырымдылық қоры асырап алған балалары бар отбасыларға арнап байқау жариялады. Жеңімпаздарға шамамен 200 шаршы метр үйі бар 0,5 га жер телімі мен шағын ферма беріледі. Байқауға өтініштер 2020 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады.
Жеңімпаздар үшін салынатын тұрғын үйлер Тверь облысы, Дерибино ауылында, Еділ өзенінің ең көркем жағалауына жақын жерде орналасады.
Байқаудың жеңімпазы боп екі отбасы іріктеліп алынады. Олар 2020 жылдың тамыз айында жаңа мекен-жайға көшіріледі. Білім беру мен тәрбие мәселелеріне кәсіпқой оқытушылар мен қордың қолдау қызметінің мамандары көмектесетін болады.
Осы қор ұйымдастырған 2019 жылғы байқаудің жеңімпаздары, екі отбасы эко-ауылға қоныстанған болатын. «Сайыс мәресіне төрт финалист шығып, екеуі жеңімпаз атанған. Олардың әрқайсысын ауданы шамамен 320 шаршы метр болатын екі үлкен үйге Дерибино экологиялық ауылына қоныстану үшін көшірілген. Былтырғы жеңімпаздардың бірінде 9, екіншісінде 16 асырап алған баласы болған.