Ресейде келесі аптадан бастап жаңа «Москвич» автокөліктері құрастырылады

Мәскеудің мэрі Сергей Собянин «Москвич» зауыты келесі аптада жаңа көліктердің алғашқы құрастыруын бастайтынын хабарлады.

Алматы, NEGE. «Москвич» автомобиль зауыты көліктердің жаңа үлгілері қандай болатынын көрсетті. Сонымен қатар брендтің алғашқы электромобильінің жобасын да таныстырды. 

Компания автомобиль бес түрін шығаруды жоспарлап отыр: кроссовер, C класындағы 3 седан және электромобиль.

Көліктерде логотип жоқ, бірақ жергілікті БАҚ бұл қытайлық JAC маркасының көліктері екенін жазып жатыр. 

Мамыр айында француздық Renault автоконцерні Renault Russia зауытын Мәскеу үкіметіне берді. Кәсіпорынның атауы «Москвич» болып өзгертілді.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті