Ресейде қар көшкінінен қаза тапқандар бар

Норильск қаласындағы тау шаңғысы кешенінде болған қар көшкіні кезінде жоғалып кеткен адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

 Алматы, NEGE. Осылайша қаза тапқандар саны үшеуге жетті. Бұл туралы журналистерге РФ Красноярск өңірі және Хакасия бойынша Тергеу комитетінің тергеу басқармасы мәлімдеді. Бұған дейін іздеу шаралары кезінде қар астынан 14 жасар бала табылған еді. Ол қатты жарақат алған, қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. 38 жастағы әйел мен оның бір жарым жасар баласы мерт болды. Тағы бір адам қар құрсауынан өз бетінше шығып, құтқарушыларды шақырған. Ол медициналық көмекке жүгінді, бірақ ауруханаға жатқызу қажет болмады. Еске сала кетсек, кеше Ресейдің Норильск деген қаласындағы тау шаңғысы кешенінде қар көшкіні жүріп, 300 шаршы метр аумақты қар басып қалған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?