Ресейде індет үдеп барады

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 8599 адам анықталған

.

Алматы, NEGE. Бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында Мәскеу - 2515, екінші орында Подмосковье - 862, одан кейін Санкт-Петербург - 384, Нижегород (221) пен Ростов облысы (152). Одан бөлек, 3777 науқаста ешқандай белгі жоқ. 153 адам қайтыс болған. 

Ресейдің 85 аймағы бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны - 344 481. Оның ішінде 113 мыңға жуық адам аурудан айықса, 3541 адам қайтыс болған.

Айта кетейік, Ресей - дүние жүзінде коронавирус жұқтырған адам саны бойынша үшінші орында.  

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды