Ресейде газ құбыры жарылып, Қазақстанға «көгілдір отын» беру тоқтатылды

Орынбор-Новопсков газ құбырында қысымның төмендеуіне байланысты Қазақстан аумағына газ беру тоқтатылды, деп хабарлайды Ресейдің Энергетика министрлігі.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «23 ақпан сағат 07:37-де Орынбор-Новопсков құбырында («Газпром трансгаз Екатеринбург» ЖШС) қысымның төмендеуі тіркелді. Сағат 07:57- де құбырдың 51-123 шақырымында газ беру тоқтатылды. Кейін қысым «Союз» құбырында да төмендей бастады. 08:49-да аталған құбырдың басынан 123 шақырымына дейін газ беру шектелді. «Алексеевка» газ өлшеуіш стансасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына газ транзиті тоқтатылды», – деп жазылған хабарламада.

Ресей Энергетика министрлігінің мәліметінше, қысым «Союз» құбырының 108 шақырымының жарылып, кейін газдың жануы салдарынан төмендеген. Бұған дейін РФ Орынбор облысы губернаторының баспасөз қызметі құбыр жарылған аумақ халық көп шоғырланған елдімекеннен алыста орналасқан, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлаған.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды